Мақпал Жүнісова – Армандастар

0
96
Мақпал Жүнісова - Армандастар ән сөздері

Мақпал Мұхамедиярқызы Жүнісова – кеңестік және қазақ эстрада әншісі, профессор. Халықаралық конкурстардың лауреаты. Қазақстанның халық әртісі (1994 ж.), ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері (1999 ж.). Армандастар өленінің сөздерін оқыңыз

Мақпал Жүнісова – Армандастар сөздері

Бір ауылдың түлеп ұшқан жастары едік,
Бір дәуірдің мөлдіреген аспаны едік,
Бәріміз де жазылмаған дастан едік,
Армандастар – құрдастар!

Қайырмасы:
Бір дәуірдің мөлдіреген аспаны едік
Бәріміз бір өмір жолын бастап едік
Армандастар қайда?
Абзал достар қайда?
Замандастар, қарлығаштар қайда екен?

Арман қуған, қиял қуған кезің қайда?
Құрбы қыздар, мөлдіреген көзің қайда?
Сол алғашқы алаулаған сезім қайда?
Армандастар – құрдастар!

Қайырмасы:
Бір дәуірдің мөлдіреген аспаны едік
Бәріміз бір өмір жолын бастап едік
Армандастар қайда?
Абзал достар қайда?
Замандастар, қарлығаштар қайда екен?

Бәрің, достар, әр тарапқа кеттіңдер ме?
Әлде биік асулардан өттіңдер ме?
Әлде игі армандарға жеттіңдер ме?
Қайдасыңдар, құрдастар?!

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here